Атырауда жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза болды

Бұл туралы ATPress.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оқиға 25 мамыр күні сағат 18:00 шамасында республикалық маңызы бар Актөбе-Атырау-Астрахан тасжолының 490 шақырымында болған.

 "1985 жылы туған жүргізуші басқаруындағы Армения елінде тіркелген Toyota Ipsum автокөлігін игере алмай аударылған. Нәтижесінде, көлік жүргізушісі және көліктегі 1975, 1968 жылдары туған жолаушылар оқиға орнында қаза болған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде" делінген хабарламада.