Азаттық көшесін қайта жаңғырту мақсатында М.Әуезов көшесінен Момышұлы көшесіне дейінгі аралық 1 тамызда ашылады, деп хабарлайды AtyrauPress.
Азаттық көшесі төрт жолақты. Ал оның жалпы ұзындығы 2,55 шақырымды құрайды. Қазіргі уақытта 1,85 шақырымы аяқталды.
Сондай-ақ, Б.Момышұлы көшесінен Балықшы көпіріне дейінгі аралықтың орташа жөндеу жұмыстары қыркүйек айында басталады.
"Жол жөндеу жұмыстары жоспар бойынша кезең кезеңімен жүргізіледі", - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА