Атырауда ана мен бала мәселелері жөніндегі орынбасары тағайындалды

Басқарма басшысы Қайсар Абдалиев Альмира Сабырғалиеваны ұжымға таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі, деп хабарлайды AtyrauPress.

Сабырғалиева Альмира Талапқызы 1985-1992 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтында «педиатрия» мамандығын аяқтаған. Кейін облыстық балалар ауруханасында бір жыл «дәрігер педиатр» мамандығы бойынша интернатурадан өткен.
1993 жылы Индер аудандық ауруханасында дәрігер педиатр-инфекционист, 1993-2001 жылдары педиатр-инфекционист, бөлім меңгерушісі.  2001-2002 жылдары Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігер-инфекционист, 2002-2013 жылдары бас дәрігердің орынбасары лауазымында қызмет атқарды. 
Тағайындалғанға дейін 2013-2024 жылдары Атырау облыстық перинаталдық орталығында бас дәрігердің балалар сұрақтары бойынша орынбасары, бөлім меңгерушісі, емдеу ісі жөніндегі орынбасары, әдістемелік ұйымдастыру басшысы қызметінде болды.