Атырауда айыппұл төлеуден жалтарғандарды анықтау үшін рейдтік іс-шара басталды

Атырауда 7-17 тамыз күндері сот актілерін орындамаған борышкерлерді тексеру және ескерту жұмыстарына арналған рейдтік шаралар өткізілуде, деп хабарлайды .AtyrauPress. 

Атырау облысы полиция департаменті, Атырау облысы Әділет департаменті, Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және Атырау облысы мемлекеттік кірістер департаменті бірлесіп алимент өндіру жөніндегі атқарушылық құжаттарын орындауға бағытталған өзара бірлескен рейдтік шаралар жүргізілуде. 
"Аталған рейдттің мақсаты   жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ қолданған жазаны орындамағаны үшін құқық бұзушылар арасында жазаның бұлтартпастығы қағидатын сақтау",- деді Тұрарбек Сатыбаев Атырау қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары полиция капитаны.
Айта кетейік, рейдтің 1 күнінде 7 автокөлік арнаулы тұраққа қойылып, барлық автокөліктердің қарыздары 3 млн теңгеден астам екені анықталды.