Атырауда адам талаған иттің иесіне айыппұл салынды

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ATPress.kz.

Баспасөз қызметі берген ақпарат бойынша полицейлер адам  талаған үй жануарының иесін анықтады. Ол «Балауса» шағынауданының  1965 жылы туған тұрғыны болып шықты.

«Иттің иесін Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің  407-2 бабы 1, 4 бөліктеріне сәйкес хаттама толтырылды» , - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қыркүйек күні түнгі сағат 23:50 шамасында Атырау қаласының тұрғынын «Балауса» шағынауданында алабай тұқымды ит  талап, соның салдарынан ер азамат аяқ және қол жарақаттарын алды. Қазір ол облыстық ауруханада жатыр.