Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті хабарлайды.
Осыған дейін Атырау қаласында №2 мектептің ғимаратында жарылыс болады деп бір оқушының мектеп директорына қоңырау шалғаны туралы ақпарат берілген еді. Соның салдарынан оқушылар үйіне қайтарылып, сабақ онлайн форматта өтті. Тәртіп сақшылары білім ұясын тексеру барысында ешқандай жарылғыш құралын таппады.
Ал енді директорға кімнің хабарласқаны анықталды. Полиция департаменті берген ақпарат бойынша, ол 2008 жылы туған сол мектепте оқитын оқушы болып шықты.
Бүгін ол Атырау қалалық полиция басқармасына ата-анасымен бірге шақыртылды. Қазір тергеп-тексеру жұмыстары басталды.