Бұл туралы ATPress.kz сайты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бұл 13 тамыз күні "Бекіре-2022" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында анықталған.
ПД баспасөз қызметі:
Атырау қаласының полиция басқармасы №1 қалалық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері Қара өзек ауылында 1988 жылы туған қала тұрғынынан бекіре тұқымдас балықтарының 3 келі 124гр уылдырығы тәркіленді.
Аталған дерек бойынша Атырау қаласының №1 полиция бөлімімен ҚР ҚК-тің 339 бабының 2 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.