Атырау-Орал тас жолында жол апатынан екі адам қаза тапты

Атырау-Орал тас жолының 35 шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Оқиға 21 ақпан күні сағат 14:50 шамасында Атырау-Орал тас жолының 35 шақырымында болған.  "Ресей елінде тіркелген Ваз-11183 автокөлігінің  1989ж.т., жүргізушісі көліктер арақашықтығын сақтамай, алдында келе жатқан "DAF FT XF 105”  жүк көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан   "Ваз-11183" автокөлігінің  1989 жылы туған жүргізушісі және 1988 жылы туған жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. 2021 жылы туылған сәби ауруханаға жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде" делінген хабарламада.