Атырау облысында жоғалып кеткен екі бақташының бірі өлі табылды

Мамыр айының соңында Атырау облысында жоғалып кеткен екі қойшының бірі өлі күйінде табылды, деп хабарлайды AtyrauPres  Жылыой ауданының полиция бөліміне сілтеме жасап.

24 мамырда шаруа қожалығынан шығып, кері оралмаған 37 жастағы шопанды іздеу тоқтатылды. Оның денесі аудан орталығы - Құлсары қаласынан 40 шақырым жерде табылған. Ол шыққан шаруа қожалығы қаладан 70 шақырым жерде орналасқан. Жоғалған адамды іздеу үшін "Қазавиақұтқару"АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.

Полиция ер адамның не себепті өлгенін анықтап жатыр.

Жоғалған екінші адамды Құрманғазы ауданында іздеу жалғасуда. Онда 1963 жылы туған ер адам 26 мамырда аудан орталығынан 120 шақырым жерде орналасқан Қошалақ елді мекенінде шаруа қожалығынан мал іздеуге шығып, қайта оралмады.

 

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА