Атырау облысында жоғалған адамдар табылды

24 наурызда автокөлікпен мал іздеп, жоғалып кеткен Махамбет ауданының екі тұрғыны табылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

24 наурызда автокөлікпен мал іздеп, жоғалып кеткен Махамбет ауданының екі тұрғыны табылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

25 наурызда сағат 08:20-да Махамбет ауданы ТЖБ №11 Өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары 1977 ж.т. ер азамат пен 1983 ж.т. әйел адамды іздестіру жұмыстарына шықты.

Екі адамның 24 наурыз күні сағат 10:00-де «Нива» автокөлігімен жылқы малын іздеуге «Сейтек» шайханасына қарай шығып, кері оралмағаны туралы туысқаны хабарлады.

“Құтқарушылар  «Сейтек» (Махамбет ауылынан 9 шақырым) шайханасына қарай далалық жерден іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді, алайда аталған мекен-жайдан жоғалған адамдар табылған жоқ. Құтқарушылар қырға қарай іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырды. Іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижелі аяқталып, сағат 09:50-де жоғалған 1977 ж.т. ер адам және 1983 ж.т. әйел адам Махамбет ауылынан 46 шақырым жерде «Әбен қыстағы» маңынан табылды. Мал іздеуге шыққан адамдардың автокөлігі батпаққа батып, шыға алмай қалып қойғандығы анықталды. Құтқарушылар оларға автокөліктерін батпақтан шығаруға көмек көрсетіп, Махамбет ауылына эвакуациялады. Жағдайлары тұрақты, медициналық көмек қажет етпеді”, - деп мәлім етті Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Махамбет ауданы №11 Өрт сөндіру бөлімінің 4 жеке құрам, 1 бірлік техника, АПБ 5 қызметкер 2 бірлік техника, ауыл тұрғындарынан 3 адам жұмылдырылды.