Биылдың өзінде Атырау облысында аса ауыр 11 қылмыс жасалды, деп хабарлайды ATPress.kz. Осы және өзге де құқық бұзушылықтар туралы pricom.kz сайтына берген сұхбатында Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрхат Уразбаев айтты. «Барлық ауыр қылмыстар ашылды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, алдағы уақытта істер сотқа жолданады. Біз аймақтағы жедел жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараларды қабылдадық және жасап жатырмыз» деді полиция басшысы. Оның айтуынша, бүгінгі таңда 849 жалпы құқық бұзушылық тіркелсе, оның 708-і қылмыс, 141-і теріс қылық. Пәтер ұрлығы, бопсалау, ұрлық, бұзақылық саны азайған.