13 шілде күні таңертең Жылыой ауданындағы Жаңа Қаратон кентінде жергілікті тұрғындар кәріз құдығынан екі жұмысшының денесін тапты, деп хабарлайды AtyrauPress "Жылыой Су" КМК ресми парақшасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілердегі "Жылыой Су" КМК ресми парақшасында жарияланған ақпаратта көрсетілгендей, оқиға бүгін таңертең Жаңа Қаратон кентінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде болған. 7-8 метр тереңдіктегі құдықтағы екі жұмысшының денесін жергілікті тұрғындар тапты.
Бастапқыда жұмыс үшін бес адамнан тұратын бригада тартылғаны атап өтілді. Полиция трагедияның барлық жағдайларын анықтайды. Басқа мәліметтер берілмейді.
Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы осы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрды.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА