Атырау облысы Исатай ауданында отбасын құрған жас жұбайлар азаматтық міндетін орындау мақсатында №133 сайлау учаскесінде барып, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бейбарыс Төлегенов пен Ару Нысанбекқызы бүгін некелерін қидырып жатыр. Олар өз өмірлеріндегі маңызды күнде ел болашағы үшін дауыс беріп, азаматтық міндетін орындады.
- Көңіл-күйіміз керемет. Сайлауда дауыс беру – әр қазақстандықтың азаматтық міндеті. Себебі, бұл – мемлекетіміздің болашағы үшін жасалатын таңдау. Тойымыз да бүгін өтеді. Бірақ мұны алдын ала жоспарлаған жоқпыз. Осылай сәйкес келіп қалды. Сондықтан, кеше «міндетті түрде сайлауға қатысамыз деп шештік, - деді Б.Төлегенов.
Айта кетейік, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20.00-ге дейін жалғасады.