Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары тағайындалды
Бұл лауазымға Орынтай Биманова тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Орынтай Молдашқызы 1969 жылы 26 қыркүйекте Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Тұщықұдық селолық кеңесінде дүниеге келген.
1991 - 1997 жылдары Атырау қаласындағы Абай орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі.
2010 – 2013 жылдары Исатай Тайманұлы атындағы орта мектеп директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары.
2013 – 2014 жылдары «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Мұғалімнің кәсіби дамуын психологиялық-педагогикалық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы.
2013 – 2014 жылдары «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Инновациялық даму» бөлімінің бас маманы. 12 жылдық білім беру, педагогикалық курстарды ұйымдастыру, тарих пәндері бойынша, Қалалық білім бөлімінің Әдістемелік кабинетінің әдіскері. ҚМКҚ «Атырау облысы Білім беру басқармасының әдістемелік кабинетінің «Техникалық және кәсіптік білім беру» бөлімінің басшысы. ҚМКҚ «Атырау облысы Білім беру басқармасының әдістемелік кабинетінің «Қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары» бөлімінің әдіскері.
2014 – 2015 жылдары - ҚМКҚ «Атырау облысы Білім беру басқармасының әдістемелік кабинетінің «Қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары» бөлімінің әдіскері.