Облыстың бас дәрігері өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды AtyrauPress.
Оның уақытша міндетін атқару басқарма басшысының орынбасары Қайсар Абдалиевке жүктелді.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Асхан Байдуәлиевтің жаңа қызметіне сәттілік тілеп, денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін облыс әкімі Серік Шәпкеновтің Алғыс хатын табыстады.
Асхан Мархабайұлы Байдуәлиев Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне 2020 жылдың 22 қазанында тағайындалған еді.
Э.МЫҚТЫБАЕВА.