Атырау мұнай өңдеу зауытындағы бутенді олигомеризациялау қондырғысының коллекторында сұйықтық төгілгені анықталған. Қазір жөндеу жүріп жатыр.
Зауыттың баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, 26 ақпанда жергілікті уақытпен сағат 18:30-да бутенді олигомеризациялау қондырғысындағы бензин коллекторында ақау шыққан.
Құбырды босатып, жөндеу жұмыстарына дайындау мақсатында 10 минут ішінде 15 кгк/см2 қысыммен техникалық су жіберілді. Бұл жағдай өндіріске әсер етпейді. Қазіргі уақытта технологиялық қондырғылар штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мұнай өнімдерін шығару мен жөнелту жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде.
Аталған желі жылына бір рет, қондырғыны іске қосу кезінде пайдаланылады.
Эльмира Мықтыбаева