Атырау қаласының бұрынғы әкім Қайрат Оразбаев екі айға тергеу изоляторына қамалды, деп хабарлайды AtyrauPress.
Естеріңізге салайық, ол 9 қарашада ұсталған еді. Қайрат Оразбаев жер қатынастары саласында алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.
"Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 11 қарашадағы қаулысымен Қайрат Оразбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
2020-2022 жылдар аралығында шенеуніктер жеке тұрғын үй құрылыстары үшін рекреациялық аймақтарға (жасыл желек аймақтары, саябақтар, скверлер, жағалаулар және т.б.) жататын жер учаскелерін заңсыз бергені анықталды.
Эльмира МЫҚТЫБАЕВА