Атырау қаласының бұрынғы әкімі ұсталды

Бұл туралы ақпарат t.me/prokadrykz Телеграм-каналында жарияланды, деп хабарлайды  AtyrauPress тілшісі.

«Orda.kz-тің ақпарат көздерінің хабарлауынша, бұрынғы шенеунікті Атырау облысы прокуратурасының қызметкерлері ұстаған. Ол жер қатынастары саласында алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта Оразбаев уақытша ұстау изоляторында отыр», - деп жазылған Телеграм-каналда.

Айта кетейік, Қайрат Оразбаев Атырау қаласын 2020-2022 жылдар аралығында басқарды. Ол қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен босатылған еді.

Эльмира МЫҚТЫБАЕВА