Атырау қаласынан 550-ден астам рейс су шығарылды

Қала аумағын қар суынан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі қала әкімігің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Бүгінде  50-ге жуық вакуум техникасы жұмылдырылып, 550-ден астам рейс су шығарылды. Бұл жұмыстар тәулік бойына жалғасатын болады.

«Қазіргі таңда ескі қала аумағының Первый участок, Майлин, Тәттімбет күйші, Оқжетпес, Шолохов, Фрунзе, Ш.Еркінов, И.Панфилов, Аманшин, Абдрахманов, Құныскерей өткелі, 4 өткел, Күйші Түркеш, Бекқалиев көшесі 50, Е.Дүтбаев көшесі 4, 6, 8, Темірханов,  Кұрманғалиев, Нарын, Гагарин, Абдрахманов, Жансүгіров, Берғалиев, Афанасьев, Қараганды, Кұлманов, Қобданов  №2 мектеп, №24 мектеп «Алтынсарин» мектебі, сонымен қатар, Мирас, Авангард, Алмагүл, Сарықамыс, Балықшы, Құрсай, Ақ Депо, Өркен, Балауса, Еркінқала-2, Ет комбинаты, Рембаз, Ақ депо, Привокзалный, Нұрсая шағын аудандарында еріген қар суларынан тазарту жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті баспасөз қызметіндегілер.

Жұмылдырылған техника мен қызметкерлер бір уақытта барлық аумақты қамти алмайтынын ескере отыра, жұмыс кезең-кезеңімен атқарылады.

Айта кетейік, өтінімдер 109 бірыңғай байланыс нөмірі және қала әкімдігінің әлеуметтік желі парақшалары арқылы қабылданады.

Эльмира Мықтыбаева