Атырау екіге бөліне ме?

2016 жылы қабылданған Атырау қаласын дамытудың бас жоспарына сәйкес тұрғындардың ыңғайы үшін қаланы екіге бөлу жоспарланған болатын, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Алайда, әзірге бұған қатысты нақты шешім қабылданған жоқ. Себебі, бұл мәселе әлі де қаралып жатыр. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

«Алдымен, бұл ретте тұрғындардың пікірі ескеріледі. Қазір олармен жұмыстар жүргізілуде. Бір ескеретін жайт, ауылдық округтерде 25 пайыздық үстемеақы төленеді және ауыл шаруашылығымен айналысатын округтер бар. Демек, ауыл шарушылығын қолдау бағдарламалары мен кей жеңілдіктер қалалықтар үшін қолжетімсіз болып қалуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселеде өзара тепе-теңдік сақталуы керек. Содан кейін ғана көп нәрсе белгілі болады» деді аймақ басшысы.   

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ