«Атырау-Астрахан» тас жолының құрылысы 2024 жылы толықтай аяқталады

Атырау облысында былтыр көлік инфрақұрылымын дамытуға 41 млрд теңге бөлінсе, биыл 55 млрд теңге қарастырылып, 172 шақырым автомобиль жолдары жөнделеді. Бұл туралы өңір әкімі ОКҚ алаңында мәлім етті.  

Жолдардың 72%-ы жақсы және қанағаттанарлық жағдайға. Осы көрсеткішті арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Өңірдегі ең басты мәселе – «Атырау-Астрахан» тас жолының жағдайы. Жалпы ұзындығы 277 шақырым болатын «Атырау-Астрахан» учаскесінің бүгінгі күні 170 шақырымы пайдалануға берілді.

«Жыл соңына дейін қалған 107 шақырымы көлік қозғалысы үшін ашылады деп жоспарланған. Жалпы жобаны 2024 жылы толықтай аяқталады», - деді облыс басшысы.