АМӨЗ 2,6 млн тонна мұнай өнімін шығарды

Атырау мұнай өңдеу зауытының 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік қызметі қорытындылады, деп хабарлайды AtyrauPress.

Көрсеткіштерге сәйкес қаңтар-маусым аралығында кәсіпорында 2 млн 911 мың тонна шикі мұнай өңделді. Тауарлық өнім шығару көлемі 2 млн 632 мың тоннаны құрап, өндіріс жоспары 101%-ға орындалды. 

Ағымдағы жылдың I жартыжылдығындағы мұнай өнімдерін шығару көлемі төмендегідей:

* автобензин АИ-92 – 671 728 тонна, 
                         АИ-95 – 115 132 тонна;
* дизель отыны – 878 963 тонна; 
* сұйытылған газ – 106 021 тонна; 
* әуе отыны – 95 296 тонна; 
* бензол –22 651 тонна;
* параксилол –107 617 тонна;
* вакуумды газойль – 184 888 тонна.

Мұнай өңдеу тереңдігі 86,6% құрады. Өңделген шикізаттың жалпы көлеміндегі ашық түсті мұнай өнімдерінің үлесі – 68,6%. 

Еске сала кетейік, АМӨЗ тауарлық мұнай өнімдерінің 20-дан астам түрін шығарады. Кәсіпорында өндірілетін бензин мен дизель отыны К-4 және К-5 экологиялық класс талаптарына сәйкес келеді.