700-ге жуық атыраулық сарбаз әскерге аттанбақ (+ВИДЕО)

Күзгі науқанда Атырау облысынан 700-ге жуық сарбаз әскерге аттанады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ал, биылғы көктемгі науқанда 650-ге жуық сарбаз әскерге аттанып, Отан алдындағы борышын өтеген болатын. Енді 5 қыркүйекте 20 сарбаз облыстағы шекара қызметіне аттанбақшы. Бұл туралы Атырау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің тәрбие және идеологиялық жұмыстар басқармасының ардагегерлермен жұмыс қызметінің басшысы Жасұлан Сатыбалдиев мәлім етті.

«Биылғы күзгі науқанға аттанатын 700 сарбаз Қарулы күштер қатарына, Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік,  Мемлекеттік күзет қызметіне және Төтенше жағдайлар министрлігіне шақырылады. Оның 250-і Атырау облысының шекара қызметінде борышын өтейді» дейді ол.

Сондай-ақ, әскери борышын өтеп келген сарбаздар үшін өңірдегі жоғары оқу орындарынан арнайы гранттар және ұлттық бірыңғай тестілеусіз оқуға түсу жеңілдігі қарастырылған. Бүгінде олардың сегізі грантқа, ал қырыққа жуығы тестілеусіз оқуға түсті.

Айта кетейік, күзгі әскерге шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ