Атырау облысында жыл аяғына дейін 22 мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде, деп хабарлайды AtyrauPress.
Оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қала және аудандарда 300, 900, 1200 орындық 9 мектептің құрылысы жүріп жатыр.
- Бұдан бөлек, Томарлы селосында 150 орындық музыка мектебі мен Исатай ауданы Аққыстау ауылында 250 орындық өнер мектебі салуда. Ал демеушілер қаржысымен Талғайран ауылынында және Құлсары қаласы Береке мөлтекауданында жаңа екі мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Атырау қаласы Дамба ауылында 300 орындық, Индер ауданы Есбол ауылында 320 орындық, Индер ауданы Индер кентінде 300 орындық мектеп-гимназия мен 200 орындық интернаттың құрылысы жүріп жатыр. Ал Индер ауданы Көктоғай ауылындағы Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің 120 орындық жапсаржай құрылысы мен Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы №20 орта мектепке 180 орындық қосымша құрылыс өндірістік кестеге сай жүріп жатыр. Сондай-ақ, Атырау қаласының Еркінқала, Бірлік ауылдары мен Көктем және Өрлеу ықшам аудандарында 600 орындық мектептің құрылысы қарқын алды,– деді облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Гүлбаршын Арыстанова