«AtyrauPress» сайты Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өңірге және елге белгілі азаматтармен жүргізген сауалнаманы жалғастырады.
Ендеше, кезекті кейіпкеріміз – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов.
1.Жаңа жылды қайда және қалай қарсы аласыз?
Жаңа жылды дәстүрлі түрде үйде, отбасыммен бірге қарсы аламын. Отбасымызда жаңажылдық дастарханда анаммен бірге болғанды өте жақсы көремін. Кей жылдары анамыздың үйінде барлық бала-шағасы, немере-жиендері бірге жиналамыз. Анамыздың ақ батасын, жаңа жылға әрқайсымызға арнаған ақ тілегін тыңдаймыз. Сыйлық сыйлаймыз.
2.Үй ішін қалай безендіресіз? Шырша аласыз ба?
Үй ішін жаңа жылдық шыршамен безендіреміз. Мұны балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау үшін ұйымдастырамыз.
3.Жаңа жыл қазақ халқына тән мереке емес деп жатады. Ал, сіз қалай ойлайсыз?
Иә, соңғы жылдары шырша қою дәстүрімізге, дінімізге жат деген пікірлер кеңінен тарап жатыр. Менің ойымша, бұл – әр адамның жеке пікірі, өз ұстанымы деп санаймын. Егер бұл мереке отбасымызды біріктіруге, өзара сыйластыққа, отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етсе, неге дастархан жаймасқа?!