Сағыздықтарды не мазалайды?

Әрдайым, халықтың мұң-мұқтаж, ұсыныс-пікірлерін тыңдау басты парыз. Бұл ретте, аудан әкімі Қанат Әзмұханов Сағыз ауылдық округіне барып, ауыл тұрғындарымен атқарылып жатқан жұмыстарды талқылап, жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Сағыз ауылында бастау алған құрылыстар анықтама үшін:

• «Сағыз ауылының (3-ші ауыл) кірме және ауылішілік жолдарын қайта жаңғырту» жобасы бойынша өзіне жүктелген міндеттерді мерзімінде орындамағаны үшін мердігермен келісімшарт бұзылды. ЖСҚ түзетулер енгізілуде, 2025 жылдың наурыз айына дейін бітеді.

Сонымен қатар, 8,2 шақырым Сағыз ауылының ауылішілік автокөлік жолдарының құрылысы жүргізілуде. 2025 жылы аяқтау жоспарланған.

Қосымша 9,5 шақырым ауылішілік автокөлік жолдарының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аяқтау мерзімі 2025 жыл. Мердігер «ҚарасайҚұрылыс» ЖШС

• Сағыз ауылының 12 көшесін (Ә.Бисенов, А.Керейұлы, З.Сағындықұлы, А.Досымбаев, С.Бейішов-Ж.Оразымбетов, Б.Пұсырманов, З.Маханов, А.Омаров, Д.Абатов, Қ.Оразов-Т.Декеев, Ә.Нәбиева. 3-ші ауылдың кіре беріс жолы) жарықтандыру үшін ЖСҚ дайындалды. Құрылыс жұмыстары келер жылға жоспарланған.

* 2025 жылы жалпы ұзындығы 30,5 шақырым болатын Сағыз ауылының 1-2 ауылдарының электр желілерінің құрылысы жобасын мердігер уақытылы жасамауына байланысты келісім шарт үзілді. Жаңа мердігер айқындалды, жұмыс жалғасуда. 2025 жылы аяқталады.

• Спорт алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ жасақталды. Жөндеу жұмыстары келер жылдары жүргізіледі. Одан өзге спорт кешенің құрылысы жүргізілуде, 2025 жылы жалғасады. Құрылыс жұмыстары басталды. Мердігер - «ЕділСтрой-Сервис» ЖШС.

• Ауыл жастарына арналған орталық пен өнер мектебі 2025 жылдың басында тапсырылады

• Тұрғын үймен қамту бағытында Сағызда 2023 жылы 15 адамға тұрғынүй берілді. 2024 жылы 22 отбасына үй табысталады. Кезектілікке сәйкес беріледі.

• Кәріз суын төгу үшін буландыру алаңын салу мердігер айқындалды. Құрылысы бастау алуда.

• Контейнер алаңшалары 2023 жылы 40 жерге орнатылса, 2024 жылы 50 дана контейнер сатып алынды

• Арнайы техникалар сатып алу 2023 жылы 4 арнайы техника сатып алынды (Фронтальді погрузчик, камаз, вакуум, экскаватор), 2024 жылы арнайы шынжыр табанды эксковатор, шынжыр табанды ДТ техникалары сатып алдынды.

• Сағыз ауылына вокзал салу үшін жер бөлінді. 2025 жылы құрылысы басталады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Возможно, это изображение 1 человек и помост

Возможно, это изображение 5 человек