Орталық референдум комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 105 байқаушыны аккредиттеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы "Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумға аккредиттеу туралы" қаулы қабылдады.
Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша аккредиттеуге 2 халықаралық ұйымнан және 9 шет мемлекеттен 66 байқаушы ұсынылды. Оның ішінде: ТМД Байқаушылар миссиясының құрамында 43 бақылаушы және референдумды Бағалау жөніндегі ДИАҚБ/ЕҚЫҰ Миссиясының 10 байқаушысы, сондай – ақ Армения, Қырғызстан, Молдова, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия және Франциядан 13 байқаушы аккредиттелді.
Осылайша, бүгінгі таңда Орталық референдум комиссиясы халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден 105 байқаушыны аккредиттеді.
Аккредиттеуге ұсыныстардың келіп түсуіне қарай байқаушылар бойынша деректер жаңартылатын болады. Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу 2022 жылғы 30 мамыр сағат 18:00-де аяқталады.