Миялы тұрғындарын не мазалайды?

Қызылқоға ауданының орталығы – Миялы ауылында биыл бірқатар жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде, көктемгі су тасқыны салдарынан бүлінген «Индер-Қарабау-Сағыз-Миялы» облыстық маңызы бар тасжолдарды қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылуды. Қазіргі уақытта қалпына келтірілетін әрбір участокке мал өтетін өткелдер мен су өткізгіш құбырлар салынып, Кенен және Қоныстану көпірлеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Көктемгі су тасқыны салдарынан «Қарасу» учаскесіндегі ұңғымаларды су басып, тұрғындар ауыз суды сағаттап тұтынды. Осыған сәйкес 11 ұңғыманы құмнан тазарту жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақытта ауыз су халыққа тұрақты берілуде. Одан өзге «ЕмбіМұнайГаз» АҚ -ы 3 скважина қазуды ұйымдастырды.

Миялы ауылына 14,1 км құрайтын жазғы су құбырының құрылысы жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталады. Мердігер «НСК МВМ Construction» ЖШС.

Миялы ауылындағы А.Құнанбаев көшесінің жарықшамдарының (жаяу жүргіншілер жолымен бірге) құрылысын жүргізетін мердігер анықтау үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып, қараша айында қорытындысы шықпақ. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылда басталатын болады.

Көктемгі өр суынан қорғану үшін 8 км тасқынға қарсы бөгеттерді биіктету жұмыстары үшін ЖСҚ дайындалуда. 2025 жылдың наурыз айына дейін аяқталады. Жобалаушы «Шыңдау» ЖШС. Су тасқыны кезінде ұзындығы 9 км бөгет соғылды.

«А.Сарбөпе» атындағы саябақты күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «Люкс Сервис» ЖШС. Одан өзге Миялы ауылынан орталық саябақ құрылысы жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «Номад Құрылыс Компаниясы» ЖШС

Өткен жылдың желтоқсан айында қолданысқа берілген орталық стадиондағы көрермендер алаңының қатты жел салдарынан ұшқан төбе жабындысындағы ақуалықтарды жою жұмыстарын мердігер «ЕділСтройСервис» ЖШС жүргізу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Т.Қарабалин, Ш.Еркінов, С.Үсенов көшелеріне 3 спорт алаңының құрылысы маусым айында басталды. Жыл соңында аяқтау жоспарлануда. Миялы ауылынан мәдениет үйін салу үшін ЖСҚ жасақталуда.

Тұтыну қалдықтарын орналастыру нысанына орнатылатын сұрыптау қондырғыларын қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Мердігер «КазСтройРекрут» ЖШС. Буландыру алаңын салу ЖСҚ дайын. Қазіргі уақытта мемлекеттік сараптамадан өтуде. Сараптама қорытындысы шыққасын, қаржысына сұраныс беріледі.

Миялы ауылындағы 12 бейнекамералардың санын арттып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қосымша 88 дана камера орнату үшін мемлекеттік сатып алу порталы арқылы құжат рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ