Мақатта бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті
Мақат ауданында «НКОК» компаниясының мердігер мекемелерінің сұранысына сәйкес, аудан әкімдігі және аудандық мансап орталығының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Аталған жәрмеңкеге жұмыс іздеп жүрген 82 азаматтар қатысып, жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін сұхбат құрып, сұрақтарына жауап алып, түйіндеме тапсырды. Бұл туралы Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Ендігі кезекте, азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында аудандағы ірі мекемелер қатынасатын бос жұмыс орындары жәрмеңкесі үнемі ұйымдастырылатын болады.
Тұрғындардың жұмысқа орналасуына көмектесу мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге «НКОК» компаниясының 14 мердігер мекемелері қатысып, аудандық мәдениет үйінде ауданның жұмысқа қабылдануға ниет білдіруші азаматтардың түйіндемелерін қабылдады.
Сонымен қатар, азаматтардың түйіндемелері әңгімелесуден өткізу үшін қабылданды.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша жұмысқа орналыстырылған азаматтар туралы ақапараттар жұмыс беруші мекемелермен азаматтар арасындағы әңгімелесу (собеседование) өткізілгеннен кейін ұсынылады.