Қазақстанда үлгілі отбасыларға арналған жаңа байқау жарияланды

«Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «ӨНЕГЕЛІ ОТБАСЫ» атты республикалық патриоттық байқау өтеді. Оған отбасылар өзін-өзі ұсыну жолымен қатыса алады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Іс-шараның мақсаты - қоғамдағы үлгілі отбасы институтының жаңа имиджін насихаттау; дәстүрлі отбасы құндылықтарының өнегелі үлгісін дәріптеу; Жаңа Қазақстандық отбасы мәртебесін арттыру.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша отбасы жайлы жазылған 1,5 беттен артық емес мәлімет (егер бар болса отбасы мүшесінің еңбектегі, спорттық, шығармашылық жетістіктерін растайтын құжат көшірмелерін) жіберуі керек. Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен 6 данадан аспауы керек) Отбасы туралы бейнеролик (ұзақтығы 2 немесе 3 минут таныстыру).

Құжаттар ruhany.jangiru.17@bk.ru электронды почтасына 2024 жылдың қазан айының 31-не дейін қабылданады. Байқаудың жүлде қоры: Бас жүлде 1 млн теңге. 1 орын — 700 (жеті жүз) мың теңге. 2 орын — 500 (бес жүз) мың теңге. 3 орын — 300 (үш жүз) мың теңге

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға, байқау жеңімпаздарына жіберіледі. Қорытынды конференцияда байқау жеңімпаздарын елімізге еңбегі сіңген тұлғалар «Өнегелі отбасы» төсбелгісімен, дипломдармен, қаржылай жəне бағалы сыйлықтармен марапаттайды.

Толығырақ осы жерден оқи аласыздар.