«Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2023 жылғы 3 қазандағы №154 Исатай ауданы әкімінің «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес хабарлама жасады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Жаппай саяси қуғын сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ақталған тұлғаларға бір рет - 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде - әлеуметтік төлем төлену жоспарлануда. Осыған байланысты, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (тел.: 79-2-20, 87757924692) хабарласу сұралады" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ