Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Айгерім Досқалиева брифинг барысында айтты, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
– "Атырау жастары" тұрғын үй бағдарламасы аясында 20 ақпанда құжаттар қабылдана бастаған болатын. Қазір олар іріктеліп, сұрапталып, ретке келтірілуде. Нәтижесі қосымша хабарланатын болады. Көп кешікпей жақсы жаңалықтар болады деп үміттенеміз. Жалпы, басты мақсат – атыраулық 100 отбасыны баспанамен қамту. Бұл бағытта осы жылдың соңына дейін тиісті жұмыстар жоспарланған. Осы ретте, белсенді жастарды бізбен бірге жұмыс жасауға және өз ұсыныстары мен бастамаларымен бөлісуге шақырамыз, - деді А.Жәрдемқызы.
Спикер өз сөзінде жастарды үймен қамту өте өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті.
"Жастар күнінде тек мәдени шаралармен ғана шектеліп қалмай, әлеуметтік маңызы зор жобаларды да қолға алып отырғанымыз тегін емес" деп толықтырды ол.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ