«Сағыз-Атырау-Сағыз» бағытындағы жолаушылар тасымалы автобусының құны Сағыз стансасынан Атырауға дейін 2000 теңге тұрады» деп хабарлайды ATPress.kz
Автобус Сағыздан Атырауға дейін жолда Мұқыр, Жантерек, Кенбай, Жамансор ауылдарына тоқтайды.
Автобус соғыс ардагерлеріне, 16 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға, күтушімен жүретін І-ІІ топтағы көз мүгедегі бар санаттағы азаматтарға тегін қызмет көрсетеді.
7 - 15 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік қарастырылған.
Ересек адамдарға арналған билеттер құны төмендегідей:
"Сағыз – Атырау" - 2000 теңге;
"Мұқыр – Атырау" - 1500 теңге;
"Жантерек – Атырау" - 1500 теңге;
"Кенбай – Атырау" - 1000 теңге;
"Жамансор – Атырау" - 1000 теңге.
Автобус Сағыз стансасынан таңғы сағат 6.00-де жүріп кетеді. Атырау қаласынан кешкі сағат 17.00-де жолға шығады.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА