Махамбет ауданында атаулы күнге орай қайырымдылық іс қолға алынды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"1 наурыз күні “Алғыс айту” мерекесіне орай, жеке кәсіпкер “Нұр-Ясин” және аудан әкімдігі арқылы ұйымдастырылып отырған “Махамбет–Сарытоғай” және Махамбет ауылішілік маршруттары бойынша қоғамдық көліктер тұрғындарды тегін тасымалдайтынын хабарлаймыз!" делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында да қоғамдық көліктер тұрғындарды тегін тасымалдайды. Алғыс айту күніне орай Құлсары қалаішілік және кент, ауылдық округтерге қатынайтын қоғамдық көліктер тұрғындарды тегін тасымалдайды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Құлсары қаласында қалаішілік 12 бағыт бойынша 54 автобус болса, ауыларалық 6 бағыт бойынша 6 автобус бар. Жолақысы қала ішінде 50 теңге (қолма-қол төлеген жағдайда 100 теңге) болса, ауылдық округтерге 150-330 теңге (қолма-қол төлеген жағдайда 300-660 теңге) аралығында.
Сол секілді, Мақат, Доссор кенттері мен Бәйгетөбе ауылдық округіне қатынайтын, сонымен қатар, кентішілік қоғамдық көліктер де тұрғындарды тегін тасымалдайтынын қаперге берді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: иллюстрация