29 «мамыр», 2023 70

Әлеуметтік төлемдер өседі


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5%-ға ұлғайтылады. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы санаттағы тұлғаларды қолдау шараларын күшейту қажеттігін осы жылдың 29 наурызында өткен VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында атап өтті. Еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдермен 92 мыңға жуық адам, асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдермен 61 мың отбасы қамтылады деп жоспарланып отыр.

Осы қаулы 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Мемлекет азаматтардың табысын арттыру бойынша іс-шараларды тұрақты негізде қабылдап келе жатқанын айта кету керек. Мысалы, биыл 1 қаңтардан бастап республикадағы ең төменгі еңбекақы мөлшері 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көбейтілді. Бұл экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмыскер мен еңбек адамын қамтыды. Ең төменгі айлық көрсеткіші арқылы еңбекақы деңгейін белгілейтін ұйымдар біліктіліктің санат аралық жүйесін ескере отырып, өзге де санаттағы жұмысшылардың еңбекақысын өсіру жағына қарай қайта қарастырады. 

Биыл 4,4 млн адам алатын зейнетақы мен жәрдемақының барлық түрі қайта есептелді.

Сонымен қатар дәрігерлердің, мұғалімдердің, бюджеттік саланың басқа да қызметкерлері мен өндіріс жұмысшыларының жалақысын кезең-кезеңмен арттыруды және жоба ауқымын кеңейту бойынша 2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасын тапты. Сондай-ақ шағын несиелерді қолжетімді ету арқылы ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша жобаны кеңейту жұмыстары басталды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

"Жайықтың мәселесін БҰҰ-да көтеру қажет" – Еділ Жаңбыршин

Кеше, 23:04

Энергетика министрі атыраулықтармен кездеспек

Кеше, 22:45

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы атыраулық жастармен кездесті

Кеше, 21:09

Көшеде аналарды құрметтеген атыраулық блогер елді сүйсінтті

Кеше, 18:05

2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар бекітілді

Кеше, 17:33

Қазақстан қоржынына бесінші алтын медаль салынды

Кеше, 17:06

Атырауда 1 мың жүргізуші айыппұл төлеуден жалтарған

Кеше, 16:00

Атырау облысында 600-ден астам ит пен мысыққа чип тағылды

Кеше, 15:40

Атырауда жер телімін заңсыз сатқан

Кеше, 15:18

Қазақстанда баламасы жоқ атыраулық фабрика жабыла ма?

Кеше, 14:00

Сау туылып, сирек дертке шалдыққан

Кеше, 13:00

Атыраулық дзюдошылар "Баку кубогінде" топ жарды

Кеше, 12:02

Алименттен жалтарған шетелдік Атыраудан мас күйде ұсталды

Кеше, 11:33

Жайыққа каналдан су құйылып жатқан видео тарады

Кеше, 11:00

Атырауда «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды

Кеше, 10:01

Алматыда көз жұмған атыраулық балаға қатысты тың дерек айтылды

Кеше, 09:34

«Атырау қаласының құрметті азаматы» атағы берілді

Кеше, 09:06

Атырауда отандық өнімдерді сатып алудан бас тартқан мекеме анықталды

02 Қазан,18:32