19 «тамыз», 2022 643

Зеленский Ресейге шарт қойды

 Зеленский Ресейге шарт қойды

Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік беретін шартты атады.

Бұл туралы ол Львовта Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоғанмен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен өткен үшжақты кездесуден кейін айтты, - деп хабарлайды  Anadolu басылымы.

  Зеленский:   "Ресей басып алған жерлерден кеткенде ғана бейбіт келіссөздер басталады".

Сондай-ақ ол Украинаның бұл мәселедегі ұстанымы өзгермейтінін ескертті.