10 Ақпан, 2023 103

Түркияда 20 күндік сәби үйінді астынан аман шығарылды

 Түркияда 20 күндік сәби үйінді астынан аман шығарылды

Түркияда жер сілкінісінен кейін 20 күндік сәби үйінді астынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы британдық Metro газетінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтылған.

Керем Ағырташ есімді нәресте Түркияның оңтүстігіндегі Хатайда 60 сағаттық іздеуден кейін үйінді астынан табылды. Оның отбасы мүшелері апаттан аман қалды ма, белгісіз.

Баланың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық екені, медициналық бригадалар сәбиге алғашқы медициналық көмек көрсеткені атап өтілді.