Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және Ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орай өтетін ҰҚШҰ-ның мерейтойлық саммитіне қатысу үшін Мәскеуге барды.
Ұйымның іс-шарасы 16 мамыр күні Кремльде өтеді.
Президенттің
баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тоқаев Мәскеуге Ресей президенті
Владимир Путин мен ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Армения
премьер-министрі Никол Пашинян шақырған.
Тоқаев
Мәскеуге Біріккен Араб Әмірліктерінен барды, онда ол жаңа мемлекет
басшысы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен жеке кездесіп, оған БАӘ-нің
бұрынғы басшысы шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның қайтыс болуына
байланысты көңіл айтты. Сонымен қатар қызметіне кірісуімен құттықтап,
Қазақстанға сапармен келуге шақырды.