Сол қолынан айырылып қалған әйелді дереу ауруханаға жеткізген.
Зимбабведе өзен суына киім-кешегін жуып алмақ болған әйелдің қолын қолтырауын тістеп алды. Бұл туралы The Herald басылымы хабарлайды.
Ауылдас көршісінің айтуынша, 40 жастағы Эсинери Кадзияникеге қолтырауын күтпеген жерден шабуыл жасаған. Салдарынан әйел сол қолынан айырылып қалады.
Эсинери Кадзиянике дереу ауруханаға жеткізілген. Дегенмен, оның қазіргі жағдайы әзірге белгісіз.