27 Қаңтар, 2022 343

Оңтүстік Кореяда коронавирусты 30 минутта анықтайтын биодатчик жасалды

 Оңтүстік Кореяда коронавирусты 30 минутта анықтайтын биодатчик жасалды

Мұндағы ғалымдар коронавирусты небәрі жарты-ақ сағатта анықтай алатын биодатчик жасап шығарды, деп хабарлайды Хабар 24.

Қазір бұл үшін негізінен ПТР-тест қолданылатыны белгілі. Алайда оның нәтижесін бірнеше сағат күту керек. Антигенді анықтайтын экспресс-тесттер де бар. Бірақ олардың дәлдігі күмәнді. Ғалымдар жаңа датчиктің көп пайдасы бар дейді. Өйткені олар дәлдігі жағынан да, уақыт үнемдеу жағынан да тиімді. Жалпы Оңтүстік Кореяда омикронның тез таралып, вирус жұқтырғандардың күрт көбеюіне байланыст, енді ПТР-тестті тек қауіпті топқа кіретін адамдар ғана тапсырады. Қалғаны антигенді анықтайтын экспресс тест қолданады. Осы категория бойынша: «Өзбекстан нарығында газ тапшы Өзбекстанда ШЫҰ саммитіне дайындық пысықталды»