"О дүниеден оралдым..."

81 жастағы кейуана о дүниеге барып келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Ұлыбританияның тұрғыны Ирен Вамплу екі ай комада жатып, мұны өміріндегі ең керемет сәт деп суреттеді. Бұл туралы жаңалық The Mirror басылымында жарияланды.

"Бұл жай ғана қараңғылық пен тыныштық, мен ештеңе естімедім, ештеңе көрмедім, бірақ бұл маған ләззат сыйлады. Мен қорыққан жоқпын, керісінше жаным жай тапқандай болды" деген әжей екі айлық кома оны қатерлі ісіктен құтқарғанын айтады.

Дәрігерлер инсульттан кейінгі тексеру кезінде оның өкпесінде ісік барын анықтады. Бірақ бұл ісік қатерлі болмағандықтан, мамандар дер кезінде көмек көрсеткен.