Жұп мұндай қадамға тойларына әр елдегі туыстарын қатыстыру үшін барған екен, - деп хабарлайды Insider басылымы. Аргентиналық қыз АҚШ тумасына тұрмысқа шығуға шешім қабылдағаннан кейін туыстарына хабарласып, тойлары өтетінін хабарлайды. Қуаныштарын неғұрлым көп адаммен бөліскісі келген олар алдымен тойларын Бруклинде жасауды ұйғарады. Қуанышты шара аяқ-астынан ұйымдастырылады. Бұған себеп - күйеужігіттің анасының ауыр дертке шалдығуы. Қыздың айтуынша, ол той көйлегі мен аяқ киімін тіпті өлшеп көрместен интернеттен тапсырыс бере салған.
Қалыңдықтың 97 жастағы әжесінің және туыстарының АҚШ-қа визалары болмауы себепті жас жұбайлардың екінші тойы Уругвайда ұйымдастырылады. Аргентиналықтың айтуынша, бұл - барлық тойларының ішіндегі ең жүрегіне жақыны болған екен. Себебі бұл тойды кәсіби мамандар ұйымдастырған. Сонымен қатар, қалыңдық бұл жолы өзіне арнайылап ең әдемі көйлек таңдағанын айтады
Күйеужігіттің бірнеше ай ғана өмірі қалған анасын қуанту үшін үшінші тойлары Мэн штатында табиған аясында өтіпті. Қалыңдық бұл жолы ұйымдастыру жұмыстарын толығымен күйеуіне сеніп тапсырған екен.
Ал жас жұбайлар жыл сайын тек ресми некеге тұрған күнді ғана атап өтеді екен.