Желіде әкесінің соғысқа аттанарда қызымен қоштасып жатқан видеосы тарап, елдің жүрегін елжіретті. Жазба авторы видеоның Украинада түсірілгенін атады.
«Украинада әкесі кішкентай қызымен қоштасуда. Қызы автобусқа отырып, қауіпсіз жерге дейін жетіп, әрі қарай әкесі соғысқа кетті. Бұдан кейін қайта кездесе ме, жоқ па, оны білмеген әкесі оған мойнындағы белгісін естелікке берді» деп жазды Greek Reporter халықаралық грек жаңалық ұйымының парақшасы.