Атыраулықтарға ерекше кабриолет қызмет көрсетіп жүр

Атыраулықтарға ерекше кабриолет қызмет көрсетіп жүр

Атыраудың өз кабриолеті бар. Оны облыс орталығындағы Исатай-Махамбет алаңынан алғаш көргенде бір байшыкештің көлігі болар деп ойлағаным рас. Кейін үймелеп, бірінен соң бірі кезекке тұрып, қыдырып келіп жатқан жұртшылықты көріп, жақындай бастадым. Сөйтсем, аталған алаңнан әуежайға барып, келуге болады екен. Бағасы да анау-мынау емес. «Ого-го» деп тұрғанын жасырмайын. Дегенмен, «шыттай» өмірдің бал-дәмін татуға құмартып, кинодан ғана көріп жүрген қымбат көлікке бала-шағамызбен отыра кеттік те бір сәтке ретро стильдегі фильмнің кейіпкерлеріндей сезінгенімізді айтпай-ақ та түсінуге болады.