Атырау-Ақтөбе тасжолында не болып жатыр?

Атырау-Ақтөбе тасжолында не болып жатыр?

Атырауда құзырлы органдардың бірлескен акциясы өткізілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.


ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 наурыз күні Атырау облысы амуағында көктемгі шектеулердің енгізілуіне байланысты республикалық маңызы бар Атырау-Ақтөбе автомобиль жолының Қарабатан кен орыны тұсында «Жолдағы қабылдау» акциясы өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты – тасжолдарда жол-көлік оқиғаларының алдын-алу және жүргізушілер мен жолаушыларға жол қауіпсіздігі мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Айта кетейік, акция барысында Атырау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы және Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен бірге бірге тас жолда жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Атыраулық желаяқтар жеңіспен оралды

Атыраулық желаяқтар жеңіспен оралды

Астана қаласында ҚР жеңіл атлетика федерациясының ұйымдастыруымен ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының II қысқы чемпионаты өтті. Аталған спорттық додада 35 жастан асқан желаяқтар бақ сынады. Атырау облысының WesternRunners командасы жүлделі 1 орын алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.