Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан басқа да КСРО республикалары сияқты Жеңіске жету үшін бар күшін салды.
Жаңалықтар
«Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы әлеуеті зор екені белгілі. Енді соны тиімді пайдаланатын кез келді. Алдағы бес жылда біз ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемін екі есеге арттырып, осы саладағы еңбек өнімділігін үш есеге ұлғайтуымыз қажет. Бұл өте маңызды міндет», – деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында.
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысы лауазымына келгеніне алты жыл толуына орай өз мақаласында осы кезеңнің кейбір қорытындыларын жасады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігі жылдарында Қазақстанның экономикасы мен саяси жүйесінде ауқымды өзгерістер болды.
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов 40 тұрғынды жеке қабылдап, олардың өтініш-пікірін тыңдады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Наурызнама аясындағы Ынтымақ күні. Наурыз - тек көктем мерекесі ғана емес, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен ынтымақты күшейтетін маңызды әлеуметтік және мәдени құбылыс, деп хабарлайды kaz.inform.kz.
Наурызнама онкүндігі аясындағы Ұлттық спорт түрлері күніне орай Исатай-Махамбет алаңында ұлттық спорт түрлерінен кең ауқымды жарыстар өтті. Шара дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының қолдауымен, сондай-ақ Ұлттық спорт клубының ұйымдастыруымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Ондағы мақсат - жергілікті өнім үшін баға тұрақтылығын қолдану арқылы үлкен мүмкіндіктер жасау және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Мониторинг арқылы анықталған рұқсат етілмеген қоқыс орындары Самал ықшам ауданында орналасқан. Тазарту жұмыстарына «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің үш техникасы мен 10 қызметкері жұмылдырылды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Талқайран ықшамауданында «Каспий Құбыр Консорциумының» демеушілігімен 900 орындық мектеп пайдалануға берілді. Білім ордасының ашылу салтанатына аймақ басшысы Серік Шәпкенов, КҚК бас директоры Николай Горбань қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Атырау облысында алқаптар мен жайылымдарды шегірткеден өңдеу бойынша дайындық штабы өңделетін жер көлемін анықтады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов және Білім беру басқармасы, Полиция департаменті, Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің АОД мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қатысумен Құқықбұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде жиын өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жылыой ауданында су тасқыны қаупіне байланысты мал иелеріне сақтық шараларын қабылдау ұсынылады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.