Атырау облысының Қызылқоға ауданына қарасты Миялы ауылында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары күшейтілді. Бүгін елді мекенге Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығына қарасты 5546 әскери бөлімінің 60-қа жуық сарбазы келіп, төтенше жағдайдың алдын алу шараларына атсалысуда.
Жаңалықтар
Бұл туралы біз Ақтөбе облыстық полиция департаментінен білдік, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бүгін Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен Таза Қазақстан “Таза жағалау” атты жалпықалалық сенбілік өтті. Сенбілік 23-наурыз “Тазару күнімен” байланыстырылды.
Премьер-министр Олжас Бектенов «Алты жылдық прогресс: Қазақстан тұрақты даму жолында» атты мақаласында цифрландыру мен жасанды интеллект ел экономикасының өсуінің негізі болуы керек екенін атап өтті. Бүгінде «Цифрлық отбасы картасы», «Әлеуметтік әмиян» сияқты ірі жобалар іске асырылып, Alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығы құрылуда. Бұл мемлекет технологиялық дамуға және инновациялық шешімдерді енгізуге басымдық беріп отырғанын дәлелдейді.
Ғылым мен жоғары білім саласындағы реформалардың қарқыны мен сапасын сақтау қажет. Үкіметтің бақылауында ЖОО рейтингіне байланысты білім беру тапсырысын саралау жұмысы болуы тиіс. Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында атап өтті.
Наурыз мейрамының оныншы күні қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын еске салатын экологиялық науқанға арналған. Бұл – табиғаттағы, адамның ішкі әлеміндегі тазарудың нышаны. Бұл күн жаңа жылды үйді, жан-дүниені, қоршаған ортаны тазартудан бастау керектігін көрсетеді.
Синоптиктер 2025 жылдың 23 наурызына арналған синоптикалық жағдай мен Қазақстандағы ауа райының қауіпті құбылыстарына қатысты болжаммен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖМ және жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері Атырау облысы Жылыой ауданының 6 бекетте ықтимал қауіпті учаскелерінде бөгеттерді нығайту бойынша жұмыстарды жүргізуде .
Наурызнаманың онкүндігі және Ізгі істер марафоны аясында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен “Жаныңдамын” және «Жақсылықта жарысайық» қоғамдық қорлары көпбалалы, аз қамтылған, мүгедек бала тәрбиелеп отырған 20 отбасыға азық-түлік жиынтығын дайындап, тарту етті. Айта кетелік, өткен жолы 20 шақты отбасы шараның шарапатын көрген болатын.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы – тек тарихи дата ғана емес, ұрпақтар сабақтастығының, ерлік пен бірліктің символы.
22 наурыз - Ұлыстың ұлы күнінде Исатай-Махамбет алаңында 26 киіз үй тігіліп, мейрамды тойлаушылар әрқайсынан наурызкөже ішіп, ұлттық тағамдардан дәм татты. Сондай-ақ 30-ға жуық азық-түлік және 40-қа жуық қолөнер бұйымдарының көрмесі қойылды. Аймақ басшысы Серік Шәпкенов киіз үйлерді аралап, тұрғындарды жыл басымен құттықтады. Әр үйде қазақтың салт-дәстүрі дәріптеліп, ұлттық ойындар да ойнатылды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Мен Құрылтайдың өткізілуін алға басқан қадам деп есептеймін, өйткені ол түрлі саяси көзқарастағы әлеуметтік топтар мен ұрпақтар өкілдерін біріктіруге арналған. Бұл шара қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімнің символына айналуы тиіс.