Басқарма басшысы бейнежазбаға қатысты түсінік берді (+ВИДЕО)

Атырау облысы балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты шұғыл түсінік берді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
«Бүгін Исатай ауданына қарасты Нарын каналында балық өлу дерегі анықталды. Қазір арнайы құрылған комиссия мүшелері бекітілген алгоритм бойынша аталған аумаққа барып, мәселенің мән-жайын зерделеуде. Комиссия құрамында Атырау облысы балық шаруашылығы басқармасы, Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы және Экология департаментінің өкілдері бар» дейді А.Сәдібекұлы.

Айта кетейік, қазір су мен балықтан сынама алынуда, сосын сараптамаға жіберіледі. Ал, өлген балықтар жиналып, санитарлық талаптарға сәйкес жойылады. Балық нақты неден өлуі мүмкін және жалпы шығын көлемі қандай, бұл туралы сараптама қорытындысы шыққан соң қосымша хабарланатын болады.
 
 
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ