Атырауды басына көтерген жүргізуші жазаланды (+ВИДЕО)
Атырауда көлігіне заңсыз дыбыстық сигнал беретін құрылғы орнатқан жүргізуші анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
4 шілде күні Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Көкарна селосы аумағында Ресей федерациясында тіркелген "Газель" автокөлігінің көлік құралына арнайы дыбыстық сигналды заңсыз орнатып жүргізгенін анықтады.
Тексеру кезінде 1999 жылы туған көлік жүргізушісінің көлігінен дыбыстық құрылғы табылып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК 603-бабы 2-бөлімі бойынша жинақталған іс-құжаттар Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Аталған дерекке сәйкес жүргізуші 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу түріндегі жазаға тартылады.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ