Атырауда жедел профилактикалық шара басталды (+ВИДЕО)
Атырауда “Жолаушылардың жолдағы қауіпсіздігі” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Қала аумағында жол жүру қағидаларын қалыптастырып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, жолаушы тасымалдауды бақылау барысын күшейту мақсатында 22 мамыр мен 4 маусым аралығында “Жолаушылардың жолдағы қауіпсіздігі” жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шара барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқара отырып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп тексеріс және түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ